11.06.2014
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын дайындаудағы мақсат – мемлекетішілік процедуралар өткізу болып табылады. Келісім 2013 жылы Мәскеуде жасалған болатын. Оның мақсаты ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау үшін жағдай жасау болып отыр», - дейді мұнай және газ министрі.
Министрдің айтуынша, болашақта мұнай тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі қарыстырылған.
«Тасымалдау бағыты бойынша жылына 7 млн тонна көлемінде мұнай тасымалдау құнын Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы тараптардың уәкілетті ұйымдарының уағдаластықтары негізінде 1 тонна үшін АҚШ долларымен бекітеді», - дейді ол.
Аталған келісім бес жылға жасалған, тараптардың келісімі әрі қарай ұзартылуы мүмкін.
Камила Амирова