• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Парламент Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексін қабылдады 11.06.2014

«Аталмыш түзетулер заң жобасының концепциясын өзгертпейді. Бірқатар түзетулер редакциялық-нақтылау сипатында. Азаматтардың тең құқықтығына нұқсан келтіру, банктер тарапынан қаражатты заңсыз пайдалануға қатысты баптар мен заңсыз несие алу мен бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану жауапкершілігіне қатысты баптар нақтыланды. Қылмыстық заңнаманы гуманизациялау мақсатында қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу алынып тасталады», - дейді Заңнама, сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, үшінші тұлғаға инсайдерлік ақпаратты заңсыз берудің жолын кесу үшін нарықтағы құнды қағаздарды айла-шарғы жасау мен инсайдерлік ақпаратқа байланысты заңсыз әрекет ету жағдайында жауапкершілікке тартуды нақтылайтын жаңа баптар енгізілді.

«Жоғарыда аталған баптар заңсыз жолмен алынған кірісті жою мен заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселесіне байланысты ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қабылданған заңға байланысты енгізілді», - дейді Н.Әбдіров.  

Камила Амирова 


Back to the list