• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қоғамдық жұмыс – дамуы тиіс баламалы жаза түрлерінің бірі – депутат 06.06.2014

«Қоғамдық жұмыстар баламалы жаза түрлерінің бірі, оны дамытуымыз керек. Бір жағынан бұл тегін еңбек күші болмақ. Қоғамдық жұмыстарға араластыру деген біздің классикалық ойлау жүйеміздегі көше сыпыру секілді жұмыстар ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибеде көрсетілген баламалы сала түрлерін де қарастыру керек», - дейді С.Бычкова.

Мысалға, депутаттың айтуынша, жазасын өтеушілерді бір кездері өздері жасаған қылмыс түрлерінен жәбір көргендердің жатқан ауруханасындағы жұмыстарға аластыру керек.

«Бір жағынан жазасын өтеушілерді қара жұмыс пен өзге де қоғамдық шаруаларға тарта отырып тегін еңбегін пайдалану мен оларды дұрыс мақсатта жұмсау жағын тиімді ұйымдастыра білу керек», - дейді С.Бычкова.

Оның айтуынша, аталмыш қызмет түрін дамыту қала мен елді-мекендердегі бірқатар мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болмақ.

«Алдағы уақытта біз осы мәселе төңірегінде жан-жақты талқыға салып, бұл қызметті дамытуға бағытталған шараларды қолға алмақпыз», - дейді депутат. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list