• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жаңартылған ҚАК   құрамына кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу  бөлімі енді – депутат 06.06.2014

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарына ерекше көңіл бөлінуде. Біз БҰҰ кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын тәртіптерге назар аудардық», - деді ол.

«Енді механизм тәрбиелік мәнге ие болады», - деді депутат.

Депутаттың айтуы бойынша, аталмыш шара ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет енгізіліп отыр.

«Бас бостандығынан айырылған тұлғаларға қатысты тараудағы шектеу шарттары мен құқықтарын осындай сипаттау мен нақтылауға байланысты жерлерге баса назар аударылған. Кодекске құқықты шектеуге қатысты барлық нормалар енгізілді. Енді Кодекстен тыс заңдық күші бар актілермен жөнсіз шектеу орнатуға тыйым салынады. Кісі неғұрлым шектеулі болса, ол өзінің міндеттемелерін білу құқығынан айырылады. Және тиісті талаптарды бұзғаны үшін ол жазалануы мүмкін», - дейді ол.

С.Бычкованың айтуынша, ҚАК-тегі мұндай тәжірибе алғаш қолданылды. «Біз батыл қадам жасай отырып аталмыш тәжірибені енгіздік. Кісі бір құжатпен-ақ өзінің құқықтық жағдайын біле алады. Бұл өте маңызды», - дейді ол. 

Камила Амирова


Back to the list