• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат Қылмыстық-атқару кодексіне енген  өзгертулерді  қабылдады 05.06.2014

«Кодекс сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін айтарлықтай арттыру мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру және қылмыстық жазалардың орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыс тобы 80 өзгертулерді қарастырып, оның 48 қабылдады. Сонымен қатар, 1 бөлімде айыппұл көлемі 200 АЕК-тен 500 АЕК дейін қысқартылды», - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Дулат Құсдәулетов.

Оның айтуынша, Кодекстің жобасы тағыда 2 баппен толыққан.

Сонымен қатар, сотталғандардың қауіпсіздік дәрежесі мен олардың ұсталуына қарай, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын түзеу мекемелерінің мынадай сыныптамасын енгізу жоба жаңалықтарының бірі болып табылады.

Олар, қауіпсіздік барынша төмен мекемелер, орташа қауіпсіз мекемелер, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер,төтенше қауіпсіз мекемелер, толық қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі аралас мекемелер, сондай-ақ сотталғандар камераларда тұратын бір түзеу колониясында әр түрлі режим түрлері қолданылатын оқшауланған учаскелер бар мекемелер, деп комитеттің мүшесі Дулат Құсдәулетов ағынан жарылды.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға екі күндік ұзақ мерзімді кездесулер белгіленген және олардың саны мекеме түрі мен ұстау жағдайына қарай сараланған.

Камила Амирова 


Back to the list