• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Жақыпов: Тұрғын үй сапасын бақылауды күшейту керек 21.05.2014

Ол бүгінде Президент құрылыс салу мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу үшін барлық жағдай жасап отырғандығын айта келе, тиісті ұйымдардың құрылыстың сапасына жауапкершілігі назар аудару қажеттігіне тоқталды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлады.

«Қазіргі ең көп өтініш - баспанамен қамтамасыз ету болып табылады.Сондықтан оған баса назар аударуымыз керек. Құрылыстың сапасы мәселесін бірінші қатарға шығаруымыз керек... Әйтпесе, жел тұрса – шатырды көтеріп кетеді, оны қалпына келтіруге миллион керек, бір жерде жауын өтсе – бізде қирап жатады. Бұлай жұмыс істеуге еш болмайды. Талап қатал болу керек. Мемлекет қаржы бөліп жатқан соң, сұрауы да қатал болуы қажет»,- деп қорытты Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасы бюджет қаржысын жаратуды да өте жауапкершілік керектігін баса айтты.


Back to the list