• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілісте пленарлы отырыстың  күн тәртібі   нақтыланды 16.05.2014

Депутаттардың талқылауына екінші оқылымға тұрғын үй қатынастарына қатысты заңнамалық түзетулер  шығарылатын болды, деп ҚР Парламентінің Мәжілісінде хабарлады.

«Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен депутаттарға екінші оқылымға енгізілді.

Палата солармен бірге екі ратификацияланатын заң жобаларына да   қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан - Ресей арасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдау туралы Келісім мен Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы Келісімдер.

Сонымен қатар осы жалпы отырыста Мәжіліс «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасына ілеспе түзетулерімен бірге қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

 


Back to the list