• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
У.Бишімбаев:  Біздің міндет -  білім беру мен экономиканы дамыту үшін тиімді заңнама   құру 14.05.2014

«Осы жылдар аралығында экономиканы дамыта отырып біздің оқыту жүйеміз де дами түсті. Осы тұрғыда техникалық кәсіптік оқытуды жаңғырту нәтижелері байқалып, білім беру жүйесі еуропалық сипат алды. Болондық процеске қол қою, білім беру сапасын бақылаудың тәуелсіз бағалауын енгізу арқылы біз оқытудың жаңа деңгейіне көтерілдік. Біз ғылым арқылы оқытуды жолға қойдық. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі біздің экономиканың даму кезеңдері мен жолын көрсетті», - деді ол.

Оның айтуынша, басты міндеттеме – басым бағыттарды дамыту, ауыл шаруашылығын инвестициялық жолға өткізу.

Осы орайда бұның барлығында адам капиталының дамуы басты назарда болуы керек. «Адам капиталы мен оның құзіреті, жұмыс істеу мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілігі экономиканың тұрақты дамуының кепілі», - дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, Парламенттің міндеті білім беру мен экономиканы дамыту үшін тиімді заңнамалық механизмдерді құру.

«Әлеуметтік-мәдени комитетінде мектепке дейінгі білім беру, мектеп, кәсіби-техникалық оқу орындары, жоғарғы оқу орындарында мамандарды дайындауға байланысты мәселе көтеріліп жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстанда жеткілікті деңгейде техникалық маман иелері болса, онда еліміздің индустрияландыруда үлкен жетістіктерге жететінін айтады. Бұл біздің экономикамыздың басты құндылығы болып табылатын материалдық дүниелерге қатысты», - дейді ол. 

Камила Амирова


Back to the list