06.05.2014
Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы Палатаның әлеуметтік-мәдени даму комитеті.
Комитет төрайымы Гүлнар Иксанованың атап өткеніндей экономика саласын кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге қатысты шешімін таппаған осы шараға түрткі болып отыр, деп Мәжілісте хабарлады.
Олардың қатарында мамандарды дайындау деңгейі, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, еңбек нарығында теңгерімсіздікті жою, жұмысшы және инженер-техникалық кадрларды дайындау, білім бағдарламаларының экономика сұранысымен сәйкестілігі басқа да сұрақтарды атап өтуге болады.
Талқылауға министрліктер, ұлттық компаниялар басшылары, жұмыс беру қауымдастығы өкілдері, ЖОО ректорлары, кәсіби және техникалық білім беру ұйымы директорлары шақырылды.
Парламенттік тыңдау қорытыныдысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылдау жоспарлануда.