• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілісмендер сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады 01.05.2014

Кездесулерде халық қалаулылары Президент Жолдауының басым бағыттары мен Палатаның заң шығару жұмыстары жөнінде айтып беретін болады, деп ҚР Парламентінің Мәжілісінде хабарлады.

Депутаттар әлеуметтік қамтамасыз ету, халықты еңбекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен орта және шағын кәсіпкерлікті өркендету мәселелеріне айырықша назар аудармақшы.

Мәжілісмендер өндіріс орындары мен әлеуметтік салада, өндіріс басында еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау, білім беру  мекемелерінде болып, халықпен жүздеседі.

Сондай-ақ, бірқатар елді мекендерде халық қалаулылары қоғамдық қабылдаулар жасап, азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын депутаттарға тікелей қоя алады.

Депутатар тек облыс орталықтары мен аудан орталықтарында ғана емес шағын қалалар мен алыс аймақтарға да баратын болады.

Кездесу 30 сәуір мен  6 мамыр аралығында өтеді.


Back to the list