• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс Бюросы Палатаның алдағы пленарлы отырысының күн тәртібін анықтады 11.04.2014

Депутаттардың талқылауына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасын  бірінші оқылымға шығарылатын болды, деп Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарлады.

Палата отырысында  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы ілеспесімен  екінші оқылымда қаралады.

Салалық комитет Қылмыстық іс жүргізу кодексін даярлаудың басты мақсаты қылмыстық сот өндірісін одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін тиімді қорғау болып отырғанын атап өтті.

Кодекс жобасының концептуалды ережелерін  Палата осы жылдың 5 ақпанында бірінші оқылымда  мақұлдаған болатын. Депутаттар негізінен соттардың тергеуі мен қорғаушылардың өкілеттігін кеңейту, сот өндірісі ісінде ұтымды сөз жарыстары мен тараптар теңдігі сонымен қатар кейбір жобаның жеке баптарын жетілдіру бойынша түзетулер енгізді.

 


Back to the list