15.12.2012
Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздік алған күннен бастап, барлық қиындықтардың уақытша екенін айтып, әрқашанда өркениетке ұмтылған ұзақмерзімді мақсаттар мен міндеттер қойып келеді.
Соның нәтижесінде Қазақстанымыз кейбір дамыған елдердің өздері қиналған ауыр кезеңдерден сүрінбей өтіп, дүние жүзін таңқалдырған табыстарға қол жеткізді.
Дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып, беделі биік, абыройы жоғары, қуатты мемлекетке айналды.
Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Сол үшін Елбасымыз Қазақстан халқына өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдары нақты белгіленген маңызды Жолдауын жария етіп отыр.
Бұл – тек болашағын болжай білетін, кемел ойдың иесі, сонымен бірге, еліне, халқына шынайы қамқорлық, жанашырлық жасай білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты әлемдік саясаткердің, дана басшының, тарихи тұлғаның ғана қолынан келетін ғаламат ұлы іс.
Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның тағы бір тарихи дәуірі басталды деуге болады.
Нұрлан Нығматулин,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы