23.11.2017
Қанат Баитов атап өткендей, цифрландыру жоспары бойынша алдыңғы кезекте жүйені қалыптастырушы ірі кәсіпорындар тұр.
«Мұндай кәсіпорындардың өздерінің ресурстары бар, себебі цифрландыру технологиясын пайдалану әлемдік нарықтағы экономикалық тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке әсер етеді. Бүгінде «ЕRG», «Қазақмыс», «АрселлорМиттал», Өскемен титан-магний зауыты цифрлық технологияларды енгізуде. Қазіргі таңда бізде 14 әлеуетті жоба бар», - деді Қ. Баитов.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы салынған кәсіпорындарда 4.0 элементтері жұмыс істеуде.
«Мәселен, біз іске қосқан «Бозшакөл»ТБК, «Ақтоғай» ТБК, «Altyntau Kokshetau» кәсіпорындарында 4.0 элементтері бар. Бұл заманауи технология және ол өндірісті 25 есе арттыруға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.
ҚР ИДМ атап өткендей, «Индустрия 4.0» жалпы мәліметтер талдамы (big data), автономды роботтандырылған жүйелер, индустриалды интернет, аддитивті технологиялар (3D басу) және т.б. тәрізді озық ақпараттық коммуникациялық технологияларды жаппай пайдалануды қамтиды.
Ақбота Күзекбай