23.11.2017
Кездесу барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, Қазақстанның туристік саласын дамыту келешегі қаралды.
Талқылауға ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Т. Христеа, ҚЕБҚ атқарушы директоры Ю. Кусиди, директорлар кеңесінің мүшелері: ҚР және Орталық Азиядағы Ernst&Young басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Air Astana президенті П. Фостер, Орталық Азиядағы Procter&Gamble директоры О. Воронова қатысты.
Айта кетейік, ҚЕБҚ (EUROBAK) — 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым, 150-ден астам компанияны біріктіреді: танымал халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропа мен әлемнің өзге елдерінің дипломатиялық миссиялары.