22.11.2017
Биылғы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында денсаулық сақтауға жасанды интеллекті — Watson for Oncology пилоттық енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта меморандум аясында пилоттық жобаны өткізу бойынша жол картасы әзірленуде.


«Айтылған ақпаратқа сәйкес, жасанды интеллект науқастың сырқатнамасын жедел зерттей алады және соңғы медициналық жетістіктер мен ғылыми жарияланымдарды ескере отырып, дәрігерлерге емдеудің әлдеқайда тиімді әдістерін ұсына алады. Енгізген сәттен бастап онкологиялық ауруға шалдыққан 100 мыңға жуық науқастың сырқатнамаларын талдау жоспарланған», - деді А.Цой.

Вице-министр сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы І тоқсандағы тапсырмаларына сәйкес денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың арнайы Форумы өткізілетінін жеткізді.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Азамат Әлиев