10.11.2017
Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.
Карталар 13 бағыт бойынша әзірленді:ауыл шаруашылығы кооперациясы, аграрлық қайта өңдеу, АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру, тұқым шаруашылығы, фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, агрохимия; жемшөп өндіру (жемшөп теңгерімі), көтерме-үлестіру орталықтары, егіндікті айналымға тарту, отарлы қой шаруашылығы, аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту, сиыр еті өндірісі; мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.