• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасымен кездесу өткізді 10.11.2017

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, ОМV компаниясы — Австрияның ең көлемді листингтік өнеркәсіптік компанияларының бірі, Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы. OMV Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап жүрген Borealis компаниясының 36% акциясына ие.

OMV акционерлері: Mubadala (Әбу-Даби) — 24,9%, ÖBIB (австриялық мемлекеттік өнеркәсіптік холдингі) — 31,5% және акцияларының 43,6%-ы еркін айналымда.  

Компания Қазақстанда 2004 жылдан бері қызмет істейді және ол Маңғыстау облысындағы Комсомольское, Тасболат, Ақтас, Түрікменой кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Ком-Мұнай» ЖШС (95%, 5% — қазақстандық серіктестер), «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС (100%) қатысушысы.  

Компанияның барлық кезеңдегі инвестициялары миллиардтан астам долларға тең.


Back to the list