• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Сағынтаев Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 08.11.2017

Кездесу барысында ағымдағы жағдай және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.  

Айта кетейік,  2016 жылы елдер арасындағы өзара сауда $1,1 млрд (экспорт – 558,6 млн, импорт – 552,9 млн) құрады. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде аталған көрсеткіш $769,1 млн-ға (экспорт – 565 млн, импорт – 203,8 млн) жетті.

ҚР-ға жапон инвестицияларының бірлескен түсімі соңғы 10 жылда $6,3 млрд-тан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар $470 млн құрады.

Қазақстанда жапон капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын бар, олар мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме сату, электр байланыс, жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда жұмыс жасайды.

 

 


Back to the list