07.11.2017
«Қазком банкіне қатысты бірніше рет сұрақтар қойылды, әлеуметтік желілерде аталмыш банктың банкротқа ұшырағаны туралы әңгімелер таралып та кетті. Бұл шындыққа жанаспайды. Өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылдың жазында «Qazkom» сауықтырылған болатын. Бүгінде банк барлық процессуалды нормативті міндеттемелерді жүзеге асыруда. Банктің бар проблемалы қоржынын банк акционерлері мен менеджменті мойындап отыр. Оның аясында шынайы қаржы ағымы бар», - деп мәлімдеді Д.Ақышев.
Осы ретте, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы хабарлағандай, Qazkom аталмыш жағдайда тұрақты институт және тиімді қаржы орталығы болып табылады.
«Банктың тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі бойынша алаңдаушылыққа еш негіз жоқ», - деп растады ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Данияр Ақышев RBK банкін сауықтыру шаралары туралы айтып берген болатын.
Ақбота Күзекбай