• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2018 жылы Үлкен Алматы айналма автомобиль  жолының құрылысы   басталады 07.11.2017

«Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ) жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша 2015 жылдың қаңтарында конкурстық рәсімдер басталды. Бүгінгі таңда  тараптар келісімнің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Концессия шартын желтоқсан айында бекіту жоспарлануда»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салалар бойыншамемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 6 жоба әзірленіп, іске асырылуда.

Шарт жасасуды тездету мақсатында Министрліктің және Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі  арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазіргі таңда  МЖӘ  келісімінің жобасы бойынша жмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін  МЖӘ нысаны бекітіледі. 2018 жылы Үлкен Алматы айналма автомобиль  жолын   салу  басталады», - деді министр.

Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтауда.Қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде.  

Ақбота Күзекбай 


Back to the list