• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ғалымдар  Баянауылды газдандыру  жобасын әзірледі 06.11.2017

«Біз инновациялық әдіс арқылы көмірді 100 пайыз газға айналдыра аламыз. Қазақстанның көмірін зерттедік. Біздің жобаға Майкөбе бассейнінің көмірі жарамды екенін анықтадық. Қазіргі таңда Павлодар облысының әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз Баянауыл ауданын газбен қамтамыз етуге байланысты жобамызды ұсынуға дайынбыз. Павлодар облысының  үш аймағын  көмірді өңдеу арқылы газбен қамтамасыз етуге болады.Егер біз Баянауылға көмірді 100 пайыз газға айналдыратын газификаторды қойсақ, онда Майқайың кенті мен Торайғыр ауылын газбен қамтамасыз етуге болады. Баянауыл мен Майқайыңның арасына 50 шақырым газ құбырын жүргізу қиын емес», - деді директор.

Ол айтып өткендей,  елімізде көмірді өңдейтін ғылыми-өндірістік және кадрлық әлеует бар. Көмір химиясы және технологиялар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үш жыл ішінде өздерінің әзірлемелері негізінде Сарыадыр көмір разрезінде «Қазақстан» тәжірибелік-эксперименттік газ-көмір химиясы кешенін құрды.

«Егер біз 1,5 тонна көмір өңдесек, дизель бағасы 0,23 центке төмендейді.  Бұл 70-80 теңге деген сөз», - деді Болат Ермағамбет.

Көмір химиясы және технологиялар  ҒЗИ директоры  газдандыру  үрдісінің жандырудан айырмашылығын айтып өтті.

«Жағу – атмосфераға шығатын қалдық. ТҚК ЖЭО көрсеткіші  43-45 пайызға тиесілі, ал көмірді газдандыру процесінің артықшылығы — атмосфераға ешқандай да жағымсыз әсерінің болмауында, сонымен қатар оны жаққаннан кейін қалдығынан сирек әрі сирек жер металдар және өзге де құнды компоненттер алуға болады», - деді Б.Ермағамбет.

Айта кетейік,  ғалымдар  ЭКСПО-2017-де таныстырылған   жылусорап жүйесінің көмегімен зиянды шығарындылар көлемін азайтуды ұсынып отыр.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list