• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан қырғыз тарапының  сындарлы ұстанымына  үміт артады 03.11.2017

«Қазақстан Үкіметі қырғыз тарапының мәлімдемесін орынсыз деп санайды. Аталған мәселе бойынша біздің мемлекеттік ұстаным баршаға мәлім. Ол Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін құру идеологиясына толық сәйкес келеді және Одаққа қатысушы-елдердің экономикалық шығындары мен қауіп-қатерлерін азайтуға бағытталған», - деді  ҚР Премьер-Министрі.

Премьер-Министр айтып өткендей, Қазақстан Қырғызстан үкіметін Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы өз міндеттерін растауға және Қырғыз Республикасының өз міндеттемелерін имплементациялауға шақырады.

«Қазақстан Үкіметі қырғыз тарапының бес принципті бағыт бойынша сындарлы ұстанымына үміт артады. Біріншіден,  салықтық әкімшіліктендіру бойынша Қырғыз Республикасы ұлттық заңнама нормаларын ЕАЭО құқығымен сәйкестендіруі керек. Екінші: заңсыз экспортқа, оның ішінде контрафактілік өнімдердің экспортына қарсы іс-қимыл.  Үшінші мәселе - ЕАЭО талаптарын сақтау үшін қырғыз тарапының тауарларды тұрақты және тиімді ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық (карантиндік) бақылаумен қамтамасыз етуі», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің  ұлттық мүдделерін ғана емес, ЕАЭО кеңістігінің экономикалық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғыз шекарасында ЕАЭО заңнамасының нормалары мен талаптарына толық сәйкес келетін тексеру мен бақылау реттілігі орнаған.

«Біз екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен шекаралық, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшіліктендірудегі өзара әрекеттестік мәселелері бойынша сындарлы диалогқа дайынбыз. Алдағы уақытта да қырғызстандық әріптестерге ЕАЭО құқығы мен нормаларына бейімделуге көмек көрсетуге әзірміз», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетсек, бүгін Ташкентте өтіп жатқан ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Қырғызстан үкіметінің басшысы Сапар Исаков күтпеген жерден Қазақстан- Қырғызстан шекарасындағы мәселені қозғады.

 

 


Back to the list