• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді 01.11.2017

Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, онда инвестициялар тарту мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Айта кетейік,  Rothschild & Co — Ротшильдтер әулетіне тиісті, екі жүз жылдық тарихы бар халықаралық тәуелсіз қаржы-консультациялық фирмасы. Фирманың төрт бөлімшесі бар: жаһандық қаржылық кеңес беру, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, ауқатты клиенттердің активтерін басқару және институционалдық инвесторлардың активтерін басқару. 

Фирма 2010 жылдан бастап 419-дан астам мәміле жасаған, олардың жалпы құны $478 млрд құраған. Акционерлік капиталмен мәміле бойынша «Ротшильд» мамандары компанияның Лондондағы, Париждегі, Миландағы, Нью-Йорктегі, Гонконг және Сиднейдегі бөлімшелерінде бар. «Ротшильд» ТМД аумағында 1994 жылдан бері Ресейде қызмет істейді. Қазақстанда компанияның белсенді жұмысы 2006 жылдан басталған. 


Back to the list