31.10.2017
«Авиация саласында қағазсыз құжат айналым жүйесін енгізу жүмысы жүргізілуде. Демек, әуежолаушылар туралы мәлімет жинайтын «E-freight» жүйесі енгізіледі. Ол 20 құжатты электронды түрде енгізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйені енгізу ұлттық және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты», - деді Ж. Қасымбек.
Министр айтып өткендей, аталмыш ақпараттық база қолданушылары құқық қорғау және арнайы органдар.
Сондай-ақ, темір жол саласын цифрландыру бойынша «Пойыздардың қозғалу кестесін жоспарлауды автоматтандыру» жобасы жүзеге асырылуда.
Тағы екі жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асырылады.
«Біріншісі –«Жолдарды цифрландыру диагностикасы». Екіншісі – «Мультимодальдік тасымалдарды басқару». Тұтынушылардың бірыңғай базасын құру адал клиенттердің 70 пайызға артуымен байланысты», - деді ол.
Ақбота Күзекбай