• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИИДМБ: Желтоқсанда 399 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда 31.10.2017

«Биыл тағы жалпы сомасы 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, тағы 20 жобаның құрылысы басталады. Индустрияландыру аймақтарында 100 млрд. теңгенің 113 жобасы іске қосылды. Мұнда шамамен 8 мың жұмыс орны ашылды», - деді Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ жер учаскілерін бөлу рәсімдерін жеңілдетуге, преференциялар ұсынуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге қатысты арнайы экономикалық және индустриаландыру аймақтары туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«6 желтоқсанда болатын Индустрияландыру күнінде бағдарламаның биылғы қорытындысын шығарамыз. Телекөпір аясында жалпы сомасы 399 млрд. теңге болатын 18 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 26 жоба бойынша телевизиялық роликтер көрсетеміз.2017 жылғы 9 айында жалпы сомасы 800 млрд. теңге болатын 52 жоба іске қосылды. Мұнда 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.2017 жылдың соңына дейін өңірлерде жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын  80-нен астам жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Мұнда шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді Ж.Қасымбек.

Қазір Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ  (АЭА) және 22 индустрияландыру аймағы (ИА) жұмыс істейді.АЭА құрылған сәттен бастап жалпы сомасы 651 млрд. теңгеден асатын 157 жоба іске қосылып, 11,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 5,5 трлн. теңге болатын 1 080 жоба іске қоысылып, 101 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 

Ақбота Күзекбай


Back to the list