• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Отандық жеңіл автокөліктер тұңғыш рет ҚХР-ға экспортталды - ИДМ 31.10.2017

2017 жылғы 9 айында жалпы сомасы 800 млрд. теңге болатын 52 жоба іске қосылды. Мұнда 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.2017 жылдың соңына дейін өңірлерде жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын  80-нен астам жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Мұнда шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Индустрияландыру бағдарламасының арқасында өңдеу өнеркәсібін инвестиция үшін тартымды жоба ретінде көрсете алдық. 7 жылда өңдеу секторына 26 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Инвестиция саласында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 19,5%-ға өсті. Биыл саланың өсу тенденциясы сақталуда. 2017 жылдың 1-жартыжылдығында ТШИ тартудағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 22,8%-ға дейін өсті»,-деп атап өтті министр.

Қазір Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ  (АЭА) және 22 индустрияландыру аймағы (ИА) жұмыс істейді.

АЭА құрылған сәттен бастап жалпы сомасы 651 млрд. теңгеден асатын 157 жоба іске қосылып, 11,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, - «Биыл тағы жалпы сомасы 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, тағы 20 жобаның құрылысы басталады. Индустрияландыру аймақтарында 100 млрд. теңгенің 113 жобасы іске қосылды. Мұнда шамамен 8 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жер учаскілерін бөлу рәсімдерін жеңілдетуге, преференциялар ұсынуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге қатысты арнайы экономикалық және индустриаландыру аймақтары туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде».

Екінші бесжылдықтың негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жыл аяғына дейін негізгі салаларды технологиялық қайта жарақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдау жұмыстарын аяқтауы тиіс.

Ақбота Күзекбай


Back to the list