17.10.2017
«Инфляция тұрақты деңгейде. Жылдық инфляция 7,1% құрады. Ұлттық Банк 2018 жылға инфляцияны 5-7% деңгейінде белгілесе, 2020 жылға дейін жылдық 4% дейін төмендетпек», - деп мәлім етті Д. Ақышев.
Сондай-ақ ол ҚР Ұлттық Банкі бірқатар "штаттан тыс" жағдайларды да ескергенін және депозиттерді долларландыру 50% дейін төмендегенін атап өтті.
«Ұлттық валюта жинақтау қаражаты ретінде өз орнын алып отыр. Депозиттерді долларландыру 50% дейін төмендеді», - деп ақпараттандырды Д. Ақышев.
Бұдан бөлек, ҚР ҰБ төрағасы Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 10,2% дейін өскенін айтып өтті. Ұлттық қордың валюталық активтері 57 млрд долларды құрайды.
Бұдан бұрын, ҚР Үкіметінің отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,3% құрағанын айтып өткен болатын.
Қайрат Жандыбаев