• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әлемдік ғылыми қауымдастық қазақстандық өнертапқыштың жобасына қызығушылық танытты 13.10.2017

Жалпы, Елдос Абақановтың айтуынша, «Халықаралық Экспо-2017 көрмесі» экология, экономика және халықты жұмыспен қамтуда маңызды әлемдік мағынаға ие қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштардың біраз жасыл инновацияларын ашты.

«Онлайн Экспо-2017» республикалық байқауының жеңімпаздарының бірі қарағандылық өнертапқыш, химия ғылымдарының докторы Александр Борисенконың жобасы болды. Ол жылу мен энергия ала отырып, атмосфераға зиянды шығарындыларсыз өртеу әдісімен қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша кешенді ойлап тапты.

Келешекте инновация СО2  көмуден бас тартуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, диоксиндер мен басқа да зиянды шығарындылардың пайда болуынсыз кез келген улағыш және қауіпті қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтар мен тұрақты органикалық ластаушыларды өртеу мүмкін болмақ. Жоба «Экспо-2017» көрмесінде Қазақстанның павильонында орналастырылды.

«Бүгінде Александр Борисенко неміс компанияларымен белсенді ынтымақтастық орнатты және әзірлемені Германияның өнеркәсіптік кәсіпорындарында енгізуге дайындалуда», — деп толықтырды Елдос Абақанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін инновациялық жобаларды анықтау және тираждау бойынша «Онлайн Экспо-2017» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 600-ден астам өтінім берілді. Топ-50 технология әзірленді, ал соңында бес инновация «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетілді.


Back to the list