• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көмірдің жетіспеушілігі жылыту маусымының ерте басталуымен байланысты 10.10.2017

Е. Қошанов хабарлағандай, көмірмен қамтамасыз ету бойынша проблема жоқ, ол толық көлемде әкелінген. Алдыңғы жылдары халық көмірді қазан айында сатып алса, биыл жылыту маусымы 27 қыркүйектен басталған. 

«Халық арасында осы дүрлікпенің туындауына температураның күрт төмендеуі себеп болып отыр. Халық көмірді ерте сатып алмайды, себебі ол өзінің сапасын жоғалтады, сондай-ақ өздігінен жану қаупі де бар. Көмір, әдетте, жыл сайын қазан айында сатып алынса, биылғы жылы жылыту маусымы 27 қыркүйекте басталып отыр. Біз жоғары сұранысты ескере отырып, қосымша шаралар қабылдадық. Бір апта ішінде бұл мәселені шешіп, жағдайды түзетеміз деп ойлаймыз», - деп мәлім етті Қарағанды облысының әкімі.

Үкімет басшысы жылыту маусымы басталысымен-ақ проблемалардың пайда болғанына қатысты наразылық білдірді.  

«Ерлан Жақанұлы, бұл жағдайға халық кінәлі емес. Жылыту маусымы басталысымен-ақ проблемалар  туындап жатыр. Осы мәселені бақылауда ұстаңыз», - деді Б. Сағынтаев.

Бұдан әрі Астана әкімі де осы мәселеге қатысты сөз сөйледі. 

«Біз жағдайды бақылауға алдық, көмір бар, тек Шұбаркөл көміріне сұраныс өсуде. Он күн ішінде қазан айының нормасы сатылып үлгерді, сұраныс үш есе өсті. Шынында да, күннің ерте суытуына байланысты, көмір жеткізу көлемі де өскен, ертең тағы 5 мың тонна жеткізіледі, мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деп жауап берді Ә. Исекешев. 

Әкімдер сөз сөйлегеннен кейін, Премьер-Министр басшылар өздеріне сеніп тапсырылған жұмысқа жауапты болуы тиіс екенін айтты.

«Өткен жолы министрліктер мен әкімдіктер баяндама жасаған кезде жылыту маусымына 100% дайын екенін айтқан болатын. Нәтижесінде, көмір жетіспейді. Бұл жылыту кезеңі үшін жауапты басшылардың жауапкершілігі», - деді Б. Сағынтаев.

Осыдан кейін Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Асқар Маминге әкімдердің жұмысын бақылауға алуды тапсырды.

 

Қайрат Жандыбаев


Back to the list