06.10.2017
Отырыс барысында Yellow Pages Rule қағидаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері, корпоративтік басқаруды жақсарту шаралары мен негізгі құралдарды жаңартуды ынталандыруға, өндірістерді жаңғыртуға, сондай-ақ, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуге бағытталған шаралар жүйесі талқыланды.
Айта кетейік, 2015 жылдың көктемінде Yellow Pages Rule қағидаларын бекітетін заң қабылданды. «Сары беттер ережесі» — бизнесті мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектейтін іс-қимылдарынан тиімді қорғауға арналған. Сонымен қатар, егер бәсекелестікті шектеу тұрғысынан болған жағдайда, мемлекеттің қатысуымен бизнес құруға тыйым салатын норма тіркелген.