05.10.2017
«Сараптамалық жұмыс тобы елімізде қолдану ықтималдығымен «Экспо-2017» көрмесінен іріктеп алған 130 энергетикалық жоба арасында ең көлемділерінің бірі — Финляндия павильонында ұсынылған, экологиялық мониторингтің инновациялық стансасы. 2017 жылдың 11 шілдесінен бастап Астана қаласының ауа сапасын бақылауға арналған автоматтық бекетінде Финляндияда шығарылған бір Vaisala құрылғысы орнатылған. Ол ҚР жағдайларына бейімделу деңгейін тексеруге және қазіргі таңда ауа сапасына мониторинг жүргізуде қолданылып жүрген, Ресейде шығарылған құрылғылармен деректерді салыстыруға арналған. Сонымен қатар «Қазгидромет» өкілі финдік ноу-хаудың артықшылықтарына тоқталып өтті: құрылғылардың көлемі шағын, мобильді, қаланың кез келген жеріне оңай орнатылады, мәселен, бағанаға, қабырғаға немесе ғимарат шатырына орнатуға болады, сол себепті де арнайы жер телімін бөлуді қажет етпейді. Бұдан өзге, аталған құрылғы жоғары дәлдікке ие, олқылық жіберу деңгейі 1–3%-ды құрайды, бұл осындай құрылғылар үшін өте жақсы көрсеткіш», — деді Д. Аманбаева.
Құрылғы күн тақталарының арқасында аз энергия тұтынады. Сонымен қатар «Қазгидромет» үшін ауа сапасын бақылайтын құрылғыларды қосымша метеопараметрлермен құрамдау мүмкіндігі өте маңызды, себебі ластануды анықтау кезінде жел жылдамдығын, бағытын және қоршаған ортаның өзге де параметрлерін білу қажет.
«Құрылғының қазіргі жиынтығында күкіртті сутек пен азот оксидін анықтайтын сенсорлары жоқ, олар ірі қалалардың ауасын бақылау үшін қажетті негізгі құрауыштар. Дегенмен, Vaisala компаниясы 2017 жылдың соңына дейін осы жетіспейтін сенсорларды енгізу жұмыстарын аяқтауды көздеп отыр», - деді ол.
Жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша Vaisala құрылғылары мен «Қазгидрометтің» экологиялық мониторинг желісіне орнатылған газ талдауыштардың салыстырмалы көрсеткіштері жарияланады
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК Vaisala Group компаниясымен 2005 жылдан бері қызмет істеп келеді.
Ақбота Күзекбай