03.10.2017
«Білім беруді цифрландыру бағыты бойынша біз балабақшадан PhD деңгейіне дейін бара жатырмыз. Шымкентте балаларды балабақшаға электронды портал арқылы тіркеу табысты іске асырылды. Дәлірек айтқанда, балабақшаға кезекке тұрғызу және кезекті бақылау, лайықты балабақшаны таңдау мүмкіндігі, мектепке дейінгі мекемелерлің рейтингі, СМС немесе пошта арқылы хабарлама алу табысты жүзеге асырылды», - деді министр.
Ерлан Сағадиевтың айтуынша, бұл өте жақсы нәтижелерді көрсетуде және болашақта республика бойынша жаппай енгізу жоспарлануда.
«Оны әкімдіктер жүзеге асыратын болады. Оқу процесін автоматтандыру үшін орташа білім беру саласында электронды журналдар жүйесі пайдаланылады – үш жүйеде 4 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оның үстіне мұның барлығы тегін, біздің балаларымыз туралы жеке мәліметтер «ҒЗИТИ»АҚ сақталады. Ал, электронды журнал енгізген мектептерде қағаз жүзіндегі журналдарды алып тастауды көздеп отырмыз, біздің мақсат есеп беруді айтарлықтай азайту», - деді министр.
Е. Сағадиев Жоғарғы білімді басқарудың бірыңғай жүйесі туралы айтып берді.
«Оның жұмыс істеп жатқанына өте көп болды. Біз оны жаңарттық, енді ол білім алып жатқан азамат туралы сол кездегі жағдайға байланысты нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Біз барлық ғылыми гранттарға өтініш қабылдауды, есеп қабылдауды, мақалаларды тіркеуді, электронды адрестсер базасын сандық форматқа көшірдік. Бүгінде жұмыс шамамен 88%-ға азайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Ақбота Күзекбай