• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Д. Абаев білім беру мекемелерін автоматтандыру жұмысын күшейту қажеттігі туралы айтып берді 03.10.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша халықтың цифрландыру басымдықтарын пайдалану мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін қажетті дағдылары мен біліктіліктерін дамыту арқылы креативті қоғам құру, сондай-ақ экономика салалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау көзделеді», - деді ол.

Дәурен Абаев атап өткендей, ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі шараларды іске асыруды көздеп отыр. 

«Бұл білім беру саласына КТ қолдану элементтерін енгізу, оқу жоспарының нұсқалық компоненті есебінен бағдарламалау негіздерін енгізу, КТ саласындағы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстарын бөлу, білім беру бағдарламалары тізіліміне КТ бағыты бойынша үздік білім беру бағдарламаларын іріктеу жұмысын жүргізу», - деп қосты министр.

Дәурен Абаев осы іс-шаралардың барлығы қазір талдау кезеңінде екенін айтты. Сондай-ақ ол ҚР БҒМ сәулетінің жұмыс істеуі туралы да айтып өтті. 

«Бүгінгі күні білім беру саласында 83 ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстар жұмыс істейді. Сәулеттің ағымдағы жай-күйін тексеру және диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәселелер анықталды: білім беру саласындағы 64 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 16-сы автоматтандырылды, 48 қызмет әлі автоматтандырылмаған", - деп атап өтті спикер.

Дәурен Абаевтың айтуынша, үш жоба бойынша техникалық тапсырмалар бар, олар: ұлттық білім беру дерекқоры, мемлекеттік білім және студенттік несиелерді есепке алу және өтелуін мониторингілеу, "Болашақ" көп функционалды ақпараттық жүйесі.  

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензинінің орташа тұтыну көлемі республика бойынша биылғы жылдың қазанында 290 мың тонна көлемінде күтілетінін хабарлаған болатын. 

 

Ақбота Күзекбай


Back to the list