03.10.2017
Министр еске салып кеткендей, қаңтар айында еліміз бойынша АИ-92 жанармайының бағасы орташа есеппен литріне 135 теңгені, ал қыркүйек айында 150 теңгені құрады, өсім 11% көрсетті.
«АИ-92 жанармайы бойынша импорт үлесі шілде мен тамыз аралығындағы 15%-дан қыркүйекте 30%-ға дейін артты. Бұл жаңғырту бойныша жұмыстардың аяқталуына орай бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының күрделі жөндеуге жабылуына байланысты. Нәтижесінде, нарықта қазақстандық мұнай өнімдері шектеулі, осылайша ЖЖС-дағы бензин бағасы қымбаттады. Мамыр айымен салыстырғанда шетелден әкелінетін жанармай бағасы 8%-ға немесе тоннасы 515-тен 560 долларға дейін қымбаттады», - деп атап өтті министр.
Осы ретте, доллар бағамының өзгергенін ескерген жөн, егер ол бұған дейін 314 болса, енді 340 теңгеге дейін көтерілді, деп баса айтты ведомсвто басшысы.
Бүгінде нарықтағы жанармай мен дизельді отын бағасына Павлодар мұнай химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары әсер етуде, ол 26 қазанға дейін жалғасады.