• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ҰЭМ басшысы әкімдерді күнделікті баға мониторингін жүргізуге шақырды 03.10.2017

«Баяулаудың негізгі факторлары валюталық нарықтағы жағдайдың тұрақтануы, нарықтың бірқалыпты инфляциялық болжалдары, сондай-ақ азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша өнімдер шығарудың өсуі болды. Осылайша, азық-түлік тауарларының бағалары соңғы үш ай қатарынан төмендеуде. Оған қоса, бағалар мен ақылы қызмет көрсетулерге тарифтер бірқалыпты қарқынмен өсуде», - деді министр Т. Сүлейменов.

Осылайша, ведомствоның мәліметі бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағалары - 3,1%, азық-түліктік емес тауарлар – 5,5%6 ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 4,3% өскен.

«Азық-түлік тауарлары бағаларының маусымдық төмендеуіне қарамастан, биылғы жылдың басынан бастап пияз, сәбіз, қызылша, қой еті және сиыр еті бағаларының қос таңбалы өсімі байқалған. Сонымен қатар, жұмыртқа, қарақұмық, қырыққабат, қант және күнбағыс майы бағасының екі таңбалы арзандауы тіркелген», - деп мәлім етті ҚР ҰЭМ басшысы.

Азық-түліктік емес тауарлар бойынша бағалардың ең көп өсімі дизель отынына, бензинге, сұйылтылған газға, маталарға, кеңсе тауарларына, аяқ киім мен қатты отынға қатысты болып отыр.

«Осының көпшілігі маусымдық факторлармен түсіндіріледі. Ақылы көрсетілетін қызметтер арасында  үлестіру желілері бойынша тасымалданатын газға тарифтер 10%, кәріз 9% және қоқыс жинау 8,3% өскен. Өңірлік бөліністе жыл басынан бері өңірлердің басым көпшілігінде инфляция салыстырмалы төмен деңгейде», - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, 5 өңірде инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары қалыптасқан. Бұл Атырау - 6%, Солтүстік Қазақстан - 5%, Павлодар - 4,9%, Оңтүстік Қазақстан облыстары - 4,8% және Астана қаласы - 4,6%.

«Инфляцияның салыстырмалы тұрақтануына қарамастан, ағымдағы жыл соңына дейін инфляциялық процестердің күшеюі мүмкін», - деп атап өтті министр.

Тимур Сүлейменов өңірлердің әкімдері негізгі азық-түлік тауарларының жеткілікті қорын және күнделікті баға мониторингінің жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет еrенін атап өтті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу шаралар қабылдау қажет. Энергетика министрлігіне өңірлердің әкімдерімен бірге жылу беру маусымында жанар-жағармай материалдарына бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сәйкес жұмыс жүргізу қажет. Жоғарыда аталған алдын алу шараларын ескере отыра, 2017 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6,9-7,5% ауқымында болады деп күтілуде, бұл жоспарланған деңгейге сәйкес келеді», - деп қорытындылады министр.

Ақбота Күзекбай


Back to the list