• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Сағынтаев ОҚО-дағы МЖӘ-нің іске асырылуымен танысты 02.10.2017

Бақытжан Сағынтаев ересектерге арналған жан сақтау және интенсивті терапия бөлімін, сондай-ақ балалардың жан сақтау бөлімін аралады және олардың қызметімен танысты. Өз кезегінде перинаталдық орталықтың дәрігері Гүлбану Сыздықова Премьер-Министрге перинаталдық орталық, жүкті, босанған әйелдер мен нәрестелердің контингенті туралы мәлімет берді.

«№4 облыстық перинаталдық орталық» 2011 жылы жеке инвестициялар есебінен салынды және 155 төсек орны бар бөлімшелерден тұрады. Қазіргі уақытта мұнда 520-дан астам қызметкер жұмыс жасайды, ал жылына шамамен 8 000 әйелді босандырады. Орталық облыстағы жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған ең ірі перинаталдық орталықтардың бірі болып табылады.

Айта кетер болсақ, бұл саладағы басты мәселелердің бірі ана және бала өлім-жітімінің алдын алу, сондай-ақ аурулардың ерте кезеңдегі профилактикасы болып табылады. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында соңғы он жылдықтағы статистика өлім-жітімнің азайғанын көрсетті, алайда мұндай жағдайлардың алдын алу мен профилактикасына бағытталған кешенді шараларды іске асыру сондай-ақ «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты.

Айта кетейік, 2017 жылы облыстың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 54,3 млрд теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 36,6 млрд теңге немесе есептік кезеңдегі жоспардың 98,5% игерілді. Қаражатты атап айтқанда денсаулық сақтау нысандарын дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бірқатар медициналық нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсау жоспарланған. 


Back to the list