• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев  Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді 28.09.2017

Кеңес барысында қатысушылар ҚР-дағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және күшейту мәселелерін, тауар белгілерін пайдалану ережелерін бұзу проблемаларын, сондай-ақ контрафактілік өнім пайда болған кезде туындайтын тәуекелдерді талқылады.

Бұдан өзге, Қазақстанда зияткерлік меншік бойынша мамандандырылған сот құру перспективаларын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейінің экономиканы цифрлық трансформациялауға әсері талқыланды.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес 2012 жылғы 1 наурыздағы Үкімет Қаулысымен елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты жүйелі мәселелерді шешу үшін құрылды. Кеңестің негізгі мақсаттары отандық және шетел инвестицияларын тартуға және тиімді пайдалануға көмектесу, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеу барысында кездесетін проблемалы мәселелерді шешу тұрғысынан инвесторларға қолдау көрсету болып табылады.

 


Back to the list