• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді 27.09.2017

Кеңес барысында қатысушылар «Самұрық-Қазына» трансформациялау барысын, тұрақты даму саласындағы есептілік пен 2016 жылға жылдық есепті, сондай-ақ 6 айдың қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебін және 2017 жылғы ІІ тоқсанға тәуекелдер бойынша есепті талқылады.

Бұдан өзге, инвестициялық саясат, сондай-ақ жаңа салаларға инвестициялар салу және ағымдағы жылға қордың Басқарма мүшелерінің қызметінің басты көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы «Самұрық-Қазына» Қорының негізі қаланды және ол инвестициялық холдинг болып табылады, оның міндеті — ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау. Қор қоржындық компанияларды олардың ұзақмерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыру үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың басымдықты секторларын дамытуға инвестицияларды өткізу арқылы басқарумен айналысады.

 


Back to the list