21.09.2017
Кеңес қатысушылары «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бәсекелі ортаға жіберуге тиісті еншілес ұйымдарының тізімінен шығу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сын-тегеуріндер бойынша есеп пен «Бәйтерек» холдингінің 2017 жылдың ІІ тоқсанындағы Ішкі аудит қызметінің есебі қаралды.
Атап өтер болсақ, «Бәйтерек» ҰБХ ҚР Президентінің Жарлығымен 2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. Холдинг 2014 жылдың соңында 11 еншілес ұйымды біріктірді.