• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО-2017 жаңа технологиялары қалай қолданылады 19.09.2017

«Министрлікте Қазақстан Республикасында ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу бойынша Сарапшылар жұмыс тобы құрылды.       Биылғы жылдың 11-14 маусымында Сарапшылар жұмыс тобы ЭКСПО-2017 көрмесіне барып, халықаралық павильондардағы жаңа технологияларға мониторинг жүргізіп, Австрия, Германия, Нидерланды, Испания, Англия, Ресей, Канада, Венгрия, Финляндия сияқты және т.б. елдердің технологиялар тізімін ұсынды», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, барлық технологиялар мұнай және газ, көмір өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, электр энергетикасы, энергия үнемдеу, қалдықтарды басқару, су тазарту, жаңғыртылатын энергия, ауа сапасына бақылау жасау т.б. бағыттар бойынша іріктелді.

Бүгінде аталған технологиялар бойынша компаниялар мен әкімдіктердің қызығушылықтар білдіріп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Айта кетер болсақ, «Самұрық-Энерго» АҚ - 16 технология; «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ - 4 технология; «ҚазТрансОйл» АҚ - 3 технология; «Біріккен химия компаниясы» ЖШС компаниялары - 3 технология; «ҚазМұнайГазөнімдері» ЖШС - 3 технология; «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС - 4 технология;  «Екібастұз ГРЭС-2» станциясы» АҚ - 4 технология; «Павлодарэнерго» АҚ - 2 технология; «Қазауылэнергожоба» ЖШС – 3 технология; ERG ЖШС -1 технология; «Назарбаев Университеті» АБН - 6 технология; Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті – енгізу үшін 8 технология; Қостанай облысының әкімдігі – 4 технология; Ақтөбе облысының әкімдігі – 8 технология.

«Биылғы жылдың 12 қыркүйегінде компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен кеңес өтіп, онда іріктелген технологияларды енгізу тетіктері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша министрлік нақты тапсырмалар берді, олардың ішінде бар:  компаниялардың ғылыми-техникалық кеңестері технологиялар тізімін қарап, енгізу үшін іріктелген технологияларды бекітуі; әрбір іріктелген технологияны енгізу бойынша жол картасын әзірлеу; өз кәсіпорындарында технологияларды енгізу мәселесі бойынша компания басшылығы деңгейінде жауапты тұлғаларды бекіту бар», - деді Ерлан Сағадиев.

Кайрат Жандыбаев


Back to the list