• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Министрлік 2017 жылғы бюджетті шамамен 280 млрд теңгеге қысқартуға ұсынды 19.09.2017

«Министрліктермен талқылау нәтижелері бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде шамамен 280 млрд. теңгені қысқарту және қайта қарастыру ұсынылады. Оның ішінде Үкімет резервінің бөлінбеген қалдығы 60 млрд. теңге сомасында; жобаларды Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп қаржыландыру бойынша бөлінбеген қалдық (Ұлттық экономика министрлігі) – 16,2 млрд. теңге; үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша айырма бағасы – 7 млрд. теңге», - деді  Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысы хабарлағандай, жергілікті деңгейде жоспардың орындалмауы 43,3 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 2,8 млрд. теңге – бюджет қаражатын үнемдеу. Өңірлер 40,6 млрд.теңгені игерген жоқ.

«Жергілікті атқарушы органдардың түсініктемесі бойынша игерілмеу себептері: жұмыс кестесінен қалып қою, конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуі және сот талқылаулары, құрылысқа арналған құжаттарды түзету және ауыл шаруашылығы субсидиялары бойынша өтеуге өтінімдердің болмауы болып табылады», - деді министр.

Оның айтуынша, өңірлер 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде 67,9 млрд. теңге көлемінде бөлінген нысаналы трансферттерді де қысқартуды және қайта бөлуді ұсынды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке баяндап өткім келеді. Ағымдағы жылдың 8 айында 272,7 млрд. теңге немесе есепті кезеңдегі жоспарға 99,9 процент игерілді», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол камералдық бақылаумен 6,7 трлн. теңге сомасында 436 мың рәсім қамтылғаны туралы айтып берді. Жалпы,  564 млрд. теңге жалпы сомасында 27 мың рәсім бойынша заңнаманы бұзушылықтар анықталған немесе бақылаумен қамтылған барлық рәсімдердің 6 проценті.

«Бұзушылықтардың көп бөлігі мемлекеттік сатып алудың бастапқы кезеңдерінде анықталып, жолы кесіледі, бұл мемлекеттік сатып алу мерзімдеріне әсер етпейді. Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің шағымдары бойынша 2 347 мемлекеттік сатып алудың немесе бүкіл тексерілгендердің 0,5 процентінің қорытындылары жойылды.Жоюлардың негізгі себебі – бұл қатысушыларға алдын ала рұқсат берілген кезде өтінімді сәйкес келтіруге  құқық берілмеуі. (Мем. сатып алу туралы ҚР Заңының 27-бабы 4-тармағы). Сонымен бірге, ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мезімдерін өздері жиі созады, мысал үшін, Үкіметтің соңғы отырысында айтылған, 5 мектеп салу бойынша бюджет қаражаты игерілмеген 10 мектептен Конкурстық  комиссия өтінімдерді 10 күннің (заңнамада көзделген) орнына 31-40 күн қараған. Осылайша, игермеу себебі ұйымдастырушылардың жеткіліксіз біліктілігі мен баяу қимылдауы болып тұр», - деді Б. Сұлтанов.

Сөз соңында министрі ағымдағы жылдың 8 айында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес  сомасы 18 млрд. теңгеге 94 объекті сатылғанын хабарлады. Жалпы, 2017 жылы барлығы 487 объекті сатылуға жатады. Ал, 111 объекті қайта ұйымдастыру және тарату сатысында тұр.

«Жылдың аяғына дейін 282 объектіні сату қалып тұр, оның ішінде 118 объекті саудаға шығарылып та қойды. 164 объекті бойынша сатудан алдыңғы дайындық жүргізіліп жатыр, оның ішінде 95 объекті бағауда тұр», - деп түйіндеді Б.Сұлтанов.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list