19.09.2017
«Республикалық бюджет бойынша ағымдағы жоспар 102,2% орындалды. 3 083,4 млрд теңге (3 016 млрд теңге жоспар кезінде) жиналды, асыра орындау 67,4 млрд теңгені құрады», - деді Б. Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жоспарды орындау бойынша, сондай-ақ өткен жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны бойынша да оң тренд байқалуда. Мысалға, мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) өткен жылмен салыстырғанда 366,9 млрд теңгеге немесе 108,9% ұлғайды. Оның 172,2 млрд теңгесі республикалық бюджетке, ал 195,2 млрд теңгесі жергілікті бюджеттерге тиесілі.
«Бұл фактор қаржы секторын қолдаудың қосымша көздерін пайдалану және жалпы сипаттағы трансферттерді қайта қараумен бірге мемлекеттік бюджет шығындары өсімінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 трлн теңгеге немесе 47,6% өсуіне алып келді», - ведомство басшысы.
Жалпы биыл 8 айда мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4 512,3 млрд теңге көлемде кірістер келіп түскен. Асыра орындау 194,5 млрд теңгені немесе есептік кезеңдегі жоспардың 104,5% құрады.
Сонымен қатар, министр жергілікті бюджеттердің кірістері 1 429,7 млрд теңгені құрағанын хабарлады. Бұл есептік кезеңдегі жоспардың 109,8% (асырау орындау сомасы 127,8 млрд теңге).
«Мемлекеттік бюджет шығындары 9 021,7 млрд теңгені немесе есептік кезеңдегі жоспардың 97,7 % құрады. Биыл 8 айда республикалық бюджет шығындары 7 982,6 млрд теңгеге немес есептік кезеңдегі жоспардың 98,6% игерілді. Жергілікті бюджеттердің шығындары 3 023 млрд теңге сомасында немесе есептік кезеңдегі жоспардың 96,7% атқарылды», - деп түйіндеді Б. Сұлтанов.
Қайрат Жандыбаев