19.09.2017
«Экономикалық өсу шілдедегі азғана төмендеуден (4,0%) кейін алдын ала бағалау бойынша ағымдағы жылғы 8 айда 4,3 пайызға дейін жеделдеді. Сыртқы сауда 30 пайызға жуық өсті, инфляция бәсеңдеп, нысаналы дәліз шегінде тұр. Осының аясында Moody's және S&P рейтингтік агенттіктері тәуелсіз несиелік рейтингтік болжамын теріс көрсеткіштен тұрақты көрсеткішке жақсартты», - деді Р.Дәленов.
Сонымен қатар, вице министр экономиканың шикізат емес сегментіндегі оң өзгерістер байқалғанын атап өтті.
«Өсудің жоғары серпіні алты базалық саланың төртеуі бойынша (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс) байқалуда, өсу қарқынының бәсеңдеуі құрылыста және ауыл шаруашылығында орын алды.Жалпы, шикізат емес сектор салымы нығайған, ол 2,3 пайыздық тармақты құраса, ал шикізат сегментінің салымы 1,6 пайыздық тармақты құрады», - деп хабарлады Р.Дәленов.
Бұдан басқа, вице-министр өңірлік бөліністе өңірлердің көпшілігінде негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсу серпінін көрсеткенін тілге тиек етті.
«Мәселен, ауыл шаруашылығында барлық өңірлерде 0,3%-дан 5,6%-ға дейін өсу болды. Сонымен қатар Маңғыстау және Қызылорда облыстары бойынша өнеркәсіпте және құрылыста төмендеу тіркелді. Қарағанды және Алматы облыстары бойынша құрылыста және негізгі капиталға салынған инвестицияларда төмендеу орын алып отыр», - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, өндіріс сеткорындағы іскерлік белсенділіктің артуының нәтижесінде қызмет көрсету саласында да тұрақты өсім байқала бастады.
«Ағымдағы жылдың 8 айында көлік қызметі 4,7%-ға, тсауда мен байланыс 2,9%-дан артты», - деп түйіндеді Р.Дәленов.
Қайрат Жандыбаев