16.09.2017
«Нұрсая» шағын ауданындағы 285 пәтер болатын алты тұрғын үйден тұратын «Тұлпар-2» тұрғын үй кешенін аралау барысында Бақытжан Сағынтаев салынған тұрғын үйдің сапасына баға берді.
Еске салсақ, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын ҚР Үкіметі өткен жылдың соңында Президенттің тапсырмасымен елімізде іске асырылып жатқан барлық басқа тұрғын үй бағдарламаларын біріктіру үшін әзірледі және қабылдады. Бағдарлама аясында жыл сайын шамамен 100 мың тұрғын үй бірлігін салу қарастырылған, бұл 15 жылда шамамен 1,5 млн отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
PrimeMinister.kz хабарлағандай, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» аясында 10,2 млн м2 астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру күтілуде, олардың ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен — 1,5 млн м2 (25 мың пәтер). 2017 жылғы жеті айда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 6,2 млн м2 тұрғын үй аудандары (жоспардың 61%) пайдалануға берілді.
Айта кетерлік жайт, жыл сайын он жыл бойы халықтың ипотекалық қарыздарын субсидиялауға 10 млрд теңгеден бөлу қарастырылғанын айта кеткен жөн. Ағымдағы жылы жоспар бойынша бөлінген қаражаттың 4,3 млрд теңгесі «ҚИК» АҚ операторына аударылды.
Биыл шілде айынан бастап заңға тәуелді қажетті актілерді қабылдаған соң екінші деңгейдегі үш банк (БЦК, Сбербанк, АТФ-Банк) 11 өңірде ипотеканы белсенді жүзеге асыруда (Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстары, ШҚО, БҚО).