09.09.2017
Кездесу барысында ИДБ-мен экономикалық серіктестікті нығайту, «Бір белдеу, бір жол» экономикалық стратегиясы аясындағы ынтымақтастық, 2020 жылға дейін Орталық Азия елдері үшін ИДБ-нің арнайы бағдарламасының жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, ИДБ-нің Ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша жаңа қорын, Астанада штаб-пәтерімен «Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымын» құру жобалары және исламдық қаржыландыру индустриясын дамыту тұрғысынан «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен елордада ислам қаржысының өңірлік хабын құру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Индонезияның вице-президенті Юсуф Калламен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің экономиканының, ғылым мен технологиялардың түрлі салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері, сондай-ақ, екі елдің қаржы және инвестициялық құрылымдары арасындағы ислам банкингіне қатысты мәселелер талқыланды.
Б. Сағынтаев Ю. Каллаға ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығында Индонезияның жетекші ислам қаржы ұйымдарын орналастыру арқылы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ орталық базасында Қазақстан мен Индонезияның бірлескен ислам қаржы институттарын құруға ниетті екенін айты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Ислам ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы бастамасын іске асыру тақырыбы қозғалды.
Айта кету керек, Индонезия – әлемдегі халық саны жағынан төртінші ел, оның 2016 ж. ЖІӨ көлемі – 932 млрд доллар. Ол – әлемдік экономика локомотивіне айналған, Оңтүстік-Шығыс Азияның танылған көшбасшысы.
Қазақстан мен Индонезия арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 15,2 млн долларды құраған, бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 65,3%-ға жоғары.