09.09.2017
Кездесу барысында құрылыс материалдарын, машина жасау өндімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургия секторы, энергетика және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, осы кезеңде ҚР-дан Түркияға экспорт 53,8%-ға өсіп, 563,3 млн АҚШ долларын құраған.
Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағымы 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында 2,1 млрд АҚШ долларын құраған.
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 6 айында 925,1 млн АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 36,1%-ға жоғары.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда түрік үлесінің қатысуымен 4114 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.
Бүгінгі таңда Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан – Түркия үкіметаралық комиссиясының белсенді қатысуымен жалпы сомасы шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрайтын, 26 бірлескен инвестициялық жобадан тұратын «Жаңа синергия» атты ортақ экономикалық бағдарлама Хаттамасының жаңа жобасы бекітілді.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда қазақстандық-түрік инвестициялық бастамаларының жалпы пакеті жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 70 жобадан тұрады, олардың 31-і іске асырылған, шамамен 40 жобасы жүзеге асырылуда әрі перспективалық болып табылады.