• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мектеп құрылысы:  Қаржыны  қандай өңірлер  игермеді 05.09.2017

Білім жәнен ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл  Ұлттық  қор қаржысынан  109 мектептің құрылысына  71,7 млрд теңге бөлінді, оның  26,5 млрд теңгесі  осыған дейін басталған  53 мектептің құрылысына,  45,2 млрд теңгесі  жаңа  56 мектеп құрылысына бағытталды.

«Жоспар бойынша  биылғы жылы  76 мектеп  пайдалануға берілді.  Бұл жалғасып жатқан мектептер (53) және  23 жаңа мектеп пен  2 балабақша, оларды қаржыландыру өткен жылы басталған болатын. Енгізу жоспары  әкімдік ұсынған келісім негізінде жүзеге асырылады. 1 қыркүйекке сәйкес,  әкімдік есебі бойынша  52 мектеп  пайдалануға берілді. Бұл  45 мектеп  16 жылдан қалған болса,  7 жаңа мектеп пен екі балабақша. ШҚО-да  бір мектеп  құрылыс-монтаждық  жмыстың кестесінен қалып барады», - деді БҒМ басшысы.

Әкімдіктердің  ақпараты бойынша, жыл соңына дейін  24 мектеп жоспарланғандай пайдалануға беріледі, 2018 жылы  қалған 33 мектеп пайдалануға беріледі.

Ерлан Сағадиев айтып өткендей, аталмыш мектепердің аяқталуына қаржы бөлуді Қаржы министрлігі қолдады.

«2017 жылға арналған бюджетті нақыталуға келетін болсақ, әкімдіктердің өтінімі бойынша  Ұлттық қордың  қаржысын 3,2 млрд теңгеге қысқарту қарастырылған, оның ішінде  200 млн теңге үнемдеу мен  3 млрд теңге жоспарланып отырған игермеушілік, бұл мектептер   келесі жылы аяқталады. Игере алмау  үші өңір бойынша – Ақмола облысы Щучье қаласында  құрылысшылар арасындағы сот дауына қатысты  759 млн теңге, Маңғыстау облысында  4 мектеп бойынша байқау мәселесіне қатысты  1,5 млрд теңге, ОҚО  5 мектеп бойынша байқауды кешіктіріп өткізу мен мемтапсырыс көлеміне қатысты арыз беруге байланысты  600 млн теңге игерілмей қалды», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр айтып өткендей, мектеп құрылысы қандай қаржыға аяқталу мәселесі шешілуде.

Өз кезегінде, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев аталмыш мәселені тезірек шешуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының  «Нұрлы жол» бойынша Ұлттық қордан  қаржы бөлу тапсырмасы бар,  қаржы өңірлерге бағытталады, ал біз жаңа оқу жылы  тендерге таласып жүрміз. Түбегейлі өзгерту керек,  Асқар Ұзақпайұлы (Мамин), Ерболат Асқарбекұлы (Досаев), құзыретті органдармен келісіп, бас қосу қажет. Себебі, осы мәселеге келгенде кідіру жылда болады, кестені өзгерту керек», - деді Б.Сағынтаев.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list