• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бос жатқан жер учаскелері туралы ақпарат енді онлайн режимде қолжетімді 31.08.2017

«Бос жер учаскелері туралы ақпаратты онлайн режим арқылы таратуды жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асырған жөн. 30 мамырдағы жағдай» бойынша  8 өңірде (Астана, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстары) бос және  қолжетімді учаскелер туралы ақпарат болмады. 7 өңірде  ЖАО-мен мәселе шешілуде, Астанада мәселе шешілді, алайда қосымша ақпарат енгізу қажет», - деді Р. Жүрсінов.

Ол айтып өткендей, Ұлттық палата кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай  картасын құру бастамасын ұсынған болатын.

«ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаменті тарапынан жобаны «Бизнеске арналған үкімет»  жобасының біреуі ретінде жүзеге асыру қарастырылған.  Ұлттық палата  ҰЭМ-ға техникалық сипаттаманы, жобаны коммерцияландыру  механизмі мен  өзінің сатып алу дәрежесіне шығуды жүзеге асырды. Жоба Астана мен Алматы қалаларында пилоттық түрде жүзеге асырылады», - деді ол.

Ол айтып өткендей, кәсіпкерлерге толыққанды қызмет көрсету  орталығын құру бойынша «Атамекен» ҰКП  Қызылорда мен Маңғыстау облыстары мысалында әкімдіктермен бірігіп  заманауи толықформатты  кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын  құруды ұсынды.

«Бірқатар өңірлерде КҚКО жұмыс істейді, олар облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры жанында жұмыс істейді. Осындай облыстарда «Атамекен»  толыққанды орталық құруды сынып отыр, онда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің кешені болады. Ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қосымша өзгертулер енгізу керек», - деді Р.Жүрсінов.

Сондай-ақ, сауда мен ортақ тамақтануға  бос алаңдар беріледі.

«Қазіргі таңда  87 алаң бойынша  сауда орындары бекітілді. Қосыша ретінде тікелей келісім арқылы сауда орындары бекітіледі. Бизнес қауымдастықтардың қатысуымен  көшпелі сауданы реттеу мәселелері бойынша  комиссия құру талқыланып жатыр», - деді «Атамекен» өкілі.

Сондай-ақ, ол Консультативтік-кеңесу  органдарының  тиімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың барлық қосымшаларында консультативтік-кеңесу  органдары жұмыс істейді.Мәселені шешу үшін  заң жобасын әзірлеу керек. Бизнес қауымдастық алдындағы  есептілікті  жылына  1 рет ұйымдастырған жөн», - деді Ұлттық палата басшысының орынбасары.

Қорытындысында ол өңірлік институттардың рөлін күшейту қалай жүзеге асырылып жатқандығын айтты.

Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қостанай облысында  2017 жылдың 10 тамызында  АКК-мен  259 млн теңгенің келісімі орнатылды.  Маңғыстау облысында «Атамекен» ҚҰ  АКК арқылы  қорлауға ие болады. Жамбыл облысында қаржы  бизнес субъектілеріне қолжетімділікті  қамтамасыз ету үшін  жергілікті жерге   16 тамызда  АКК 235 млн теңге бөлді. Барлық өңірде жоспарды орындау аясында  ӘКК базасында  кәсіпкерлікті қолдау институтын құру жоспарланған. Жергілікті қамтуды бақылайтын комиссия  14 өңірле құрылды.  «Атамекен» ҰКП  ИДМ-ге инвесткелісімдерді орындау құзыретін  ЖАО-ға беру бойынша өтінім жіберді. Инвестициялық келісімнің жалпы кезеңін  қысқарту  35-тен  20 жұмыс күніне дейін созылады.

«ИДМ күтілетін көрсеткіштерді  өңірлік деңгейге беруді қарастыруды ұсынып отыр. Осы орайда «Атамекен» аталмыш ведомствоға нақты ұстанымын бағыттайды», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list