29.08.2017
Данияр Ақышев айтып өткендей, теңге бағамының қарқыны негізгі факторлар негізінде, төлем балансы, мұнайдың әлемдік бағасы мен сауда-серіктес елдердегі валюта бағамына қатысты анықталатын болады.
«Төлем балансының төлем көрсеткіші 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында бағамдық саясатқа әлемдік бағаның тұрақтылығына байланысты тәуекелдер қазақстандық экспорт аясында жақсара түсті. Қаржы нарығында банк саласының қаржылық тұрақтылығын қолдау бағдарламасын әзірледі. Ол ірі банктердің капиталына қайтарымды түрде субсидия беруді қарастырады», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ұлттық банк төрағасы айтып өткендей, аталмыш қаржы банк капиталына құйылады, себебі банк капиталдарының шектелуі маңызды фактор болып табылады.
«Бағдарламаға қатысудың негізгі талабы акционер банктердің қаржы институтының тең дәрежеде капиталсыздандыру бойынша келісуі, активтердің сапасын жақсартып, несиелік қызметті жаңартуы арқылы қатыса алады. Бес жыл бойы қарыз бойынша жұмыс істемейтін банктер көлемі 1 трлн теңгеге дейін қысқарады. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттырады.Сондай-ақ, жаңа қарыздарды беру көлемін арттырып, басым салаларға жыл сайын 300 млрд теңге бөлуді қамтамасыз етеді», - деді Данияр Ақышев.
Айта кетейік, Үкімет «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын мақұлдады.
Ақбота Күзекбай