29.08.2017
Кездесу барысында Қазақстанда американдық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриалды жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар Энергетикалық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық бірлескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады.
2017 жылы ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. АҚШ – Қазақстандағы екінші ірі инвестор (2,2 млрд $). Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді.